2018 жылдың желтоқсан айының 10- 15 аралығында «Шақыртылған профессор» бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Сеитов Марат Султанович шақырылды.

Экология және биотехнология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы  мен 5В120100 Ветеринарлық медицина және 5В120200 Ветеринарлық санитария мамандықтарының студенттеріне біліктілікті арттыру мақсатында «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» тақырыбында 36 сағат көлемінде курс өткізді.

13 желтоқсан күні «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес арулары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары бойынша өзара пікір алмасу болды. Конференцияға БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінің 5В120100-Ветеринариялық медицина, 5В120200-Ветеринариялық санитария мамандықтарының студенттері, сонымен қатар Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің  аспиранттары мен студенттері де қатысты. Конференция барысында қатысушылар баяндама және презентация түрінде дайындалған өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Конференцияның модераторы ОМАУ профессоры, биология ғылымдарының докторы Сеитов Марат Султанович болды. Конференция ұйымдастырушылары дайындалып ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша үздік студенттерге дипломдар табысталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz