2018 жылдың 13 желтоқсанында Тілдер және менеджмент факультетінің акт залында ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Еркін елдің жастарымыз!» атты салтанатты шара болып өтті. Салтанатты жиынды университет ректоры, э.ғ.д. Р.С. Габдалиева ашып, барлық оқытушылар мен студенттерді тәуелсіздік күнімен құттықтады және мерекелік марапаттаулар жасады.

Ресми бөлімнен соң, студенттердің күшімен дайындалған мерекелік концерт тамашаланды. Кеш барысында Тәуелсіздік күніне орай көрініс көрсетіліп, өлеңдер оқылды, әндер шырқалды және ұлттық би тамашаланды.
ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz