2018 жылдың қарашаның 12- 17 аралықтарында «Шақыртылған профессор» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне Белград университетінің (Сербия Республикасы) ветеринариялық медицина факультетінің профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Бильяна Радойчич шақырылды.
Экология және биотехнология кафедрасының профессорлы-оқытушылық құрамы біліктілікті арттыру мақсатында «Ауыл шаруашылығы малдарының инфекциялық аурулар этиологиясын балаудың және алдын алудың заманауи әдістері» атты тақырыбында 36 сағат көлемінде курс өткізілді.
5В120100 – Ветеринарлық медицина, 5В120200 – Ветеринарлық санитария мамандықтарының 2-4 курс студенттеріне профессор Б. Радойчич «Ауыл шаруашылығы малдарының инфекциялық аурулар этиологиясын балаудың және алдын алудың заманауи әдістері» тақырыбында дәріс өткізді.
