2019 жылдың 20 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің 20 жылдық мерейтойына арналған  салтанатты шара өтті.

Университет мерейтойы – бұл оқытушылар, қызметкерлер ұжымы, студенттер мен түлектер үшін ғана емес, аймақ жұртшылығы үшін де айтулы мереке. Өзінің жүріп өткен жолын саралай отырып дәстүрлі дағдымен біздің Педагогика  факультеті де мерейтойын атап өтті.

Атаулы шарада құттықтау сөз алғандар: Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының  докторы, профессор Габдуалиева Раушан Смадиқызы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла  Абдуллаұлы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, ветеренария ғылымдарының докторы, профессор, академик Наметов Асқар Мырзахметұлы, Ауылшаруашылық  ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы  Бозымов Қазыбай Карайұлы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі Айтимов Ақсерік Сарыұлы, Философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Гуманитарлық заңтану»  факультетінің деканы  Капанов Хайдар Хисметұлы, Батыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасының басшысы  Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы, Батыс Қазақстан Ішкі саясат басқармасының басшысы  – Даумов Нурлыбек Жаскайратович, Облыстық білім беру басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы, Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Нарымбаев Асан Маратұлы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы, Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің директоры Сертеков Нұржан Орынғалиұлы.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика факультеті өзінің даму тарихында заман талабына сай білім бере отырып, өңіріміздегі сапалы, жетекші оқу орны екендігін дәлелдеп отыр. Білікті ұстаздар мен ғалымдар шоғырланған бұл білім ордасы 20 жыл ішінде біраз жетістіктерге қол жеткізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz