2019 жылдың 30 қаңтар күні тілдер және менеджмент факультетінің ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен Орал қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірге «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында студенттерге латын графикасына көшудің мақсаты, жалпы әліпбидің адамзат үшін маңызы, ұялы телефонда, компьютерде латын әліпбиіне негізделген пернетақтаны жүктеу жолдары айтылды. Сонымен қатар, жақында қабылданған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері таныстырылды. Соның ішінде шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісіне жеке тоқталып, латыннегізді жаңа әліпбиде жоқ әріптердің жазылу баламасы көрсетілді. Тақырып қосымша бейнесюжет, слайдпен жан-жақты ашылды.

