2018 ж. 25 мамыр күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде «Тарих және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы С.Х.Сүлейменовтың ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және педагогикалық факультеттің 20 жылдығы аясында  «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» атты көрнекті күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Тұяқберді Шамеловті еске алу кеші өткізілді.

Шараға дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденің иегері Е. Қазиев., сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестірінің дирижері Қ. Қажымов.,  ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР білім беру саласының үздігі, қалалық мәслихат депутаты, күйші, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Н. Сертеков қатысты.

Кеш барысында «Құрмет» Орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қ.Қожақов «Арманда кеткен ағалар», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ж. Хасанова «Тырналар», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Е. Өтегенов «Ауылымды сағындым»,  әндерін орындаса, Құрманғазы атындағы саз колледжінің 3 курс студенті Н.Касумова  Құрманғазының күйі  «Төремұрат» және 2 курс студенті республикалық конкурстардың лауреаты М.Мукаримов   Халық күйі  «Ел айырылған» күйлерін орындады.

Одан әрі Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері А.Құсанова  Шолпан Қыдырниязованың  «Күйші Тұяққа» және  А.Мұратова   Қадыр Мырза Әлінің  «Күйші Тұяққа»  өлеңдерін оқыды.

Еске алу кешінің өткізілуіне демеушілік жасаған қалалық мәслихатының депутаты Л.Т.Рысбекова.

Қазақ халқы бар заманда күй құдіреті мәңгі жасайды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz