27 сәуір 2018 жылы «Шабыт» қоғамдық бірлестігі Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен “JAN’A SERPILIS” атты “Студенттік қөктем – 2018” фестивалін өткізді. Фестиваль талантты жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған. Бір сахнада қаламыздың төрт жоғары оқу орындарының жас студенттері 8 аталым бойынша кездесті.
Фестиваль қорытындысы:
- «Үздік дәстүрлі орындаушылық өнер» номинациясы бойынша Рахметуллин Естөре 3-орын (педагогикалық факультет);
- «Ұлттық би өнері» номинациясы бойынша «Ару» би тобы (Баранбаева Ш.А., ЕрмекА.А., ЖасқайратоваГ.Е., Ғарифолла А.М., Отар А.Н) – 3-орын (педагогикалық факультет);
- «Үздік көркем сөз оқу шебері» номинациясы бойынша Саматов Райымбек Артурович – 1-орын (педагогикалық факультет);
- «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша – Каримов Айбек, Кенес Саид, Федорова Яна – 3-орын (тілдер және менеджмент факультеті).
Университет әкімшілігі атынан барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жылға сәттілік тілейміз.



