2018 жылдың 24 қазан айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде “Діннің теріс бағыттарына бет бұрушылықтың алдын алу мәселелері” атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға  Педагогикалық факультеттің 1, 2, 3  курс студенттері және профессор-оқытушы құрамы қатынасты.

Кездесу кешін ұйымдастыруда ортаға салынып отырған тақырып қазіргі уақытта өте өзекті мәселе. Қазақстан Президентінің ел  халқына жолдауының 5 басымдықтың 3 тармағында осы мәселені қарастырып, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс екендігін айтып өтті. Сондықтан біз бұл мәселені қозғаудамыз.

Сондай-ақ кездесу кешіне тақырыпқа сай талқылану мақсатында бірнеше қонақтарымыз шақырылды.  Батыс Қазақстан облысының  Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» дінтанушы  маманы – Абдрашит Абдрасул Арманұлы,  «АРУАНА- ЖАЙЫҚ» қоғамдық қорының жетекшісі –Сариева Ұлдай Қабошқызы, Орал қаласының «Тулбаев Мухаммед-Гариф» мешітінің наиб имамы – Мустафин Серік Қайратұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-инновациялық университетінің  дін істері жөнінде кураторы – Сидахметов Серік Елтайұлы.

Кездесу кешін ұйымдастырушы «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Халикова Б.Т.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz