Кемелдеген мемлекетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде ұлттық руханиятты жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыс Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Осы жұмыстың жарқын көрінісі – бүгін өңірімізде ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде көне заманнан халық тарихымен бірге жасап келе жатырған, дәл  көздеу, ептілік, шеберлік, бәсекелестік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін асық ойынын студент жастар арасында насихаттау жұмысы болып табылады. Осы бағыта 14 ақпанда Батыс Қазақстан облысы дене шыңықтыру және спорт басқармасымен бірге оқу ордамызда «Асық ату спорты күні» акциясы өткізілді. Бұл шараға университетіміздің 4 факультетінің құрама командалары белсенді түрде қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz