БҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В04202 Құқықтану бағдарламасының ЮР-21 О, ЮР-23 О, ЮР-22 О білім алушыларына «Ювеналдық құқық» пәні аясында 14.10.2022ж сағат 16-00 өндіріс орынында дәріс өткізілді.

БҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе менгерушісі Ж.Утегенова студенттерге сот жүйесінде колданылатын акпараттық технологиялармен, автоматтандырылған ақпараттық жүйе және «Төрелік» бағдарласымен калай жұмыс жасау керектігі туралы айтып өтті, Тындаушылардың ерекше назарын сот отырысын откізу барысында тараптармен байланыс орнату үшін колданылатын «TrueCont» багдарламасы қызықтырды.

Кездесу барысында әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде камелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе занды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін колданылатын жазалар туралы түсіндірді.

Бас маман Н.Туныкова сот жұмысы туралы айтып берді, сонымен катар студенттерге оку орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстануға шақырды.

Психолог Ж.М.Кожанова студенттермен тренинг өткізді. Тренингтін мақсаты ата-аналары ажырасқанан кейінгі балалардағы пайда болатын ішкі жарақатының салдарын білуге бағытталды.

Кездесу соңында студенттер өздерін кызықтырған сұрақтарына жауап алып, кафедра оқытушылары А.А. Абдрашит, А.Ж. Сарсенова, Ғ.Б. Аралбеков, Ж.К. Тулеугалиева ұйымдастырылған шара үшін өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz