28 қараша күні Айтиев атындағы спорт сарайында  Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресі федерациясының қолдауымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің 20 жылдығына орай жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында Қазақ күресінен турнир өткізілді.

Бұл турнирге салмақ дәрежелері бойынша (60 кг., 66 кг., 74 кг., 81 кг., 90 кг., +90кг.) 10 команданың спортшылары қатысты:

-Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;

-Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті;

Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі;

Батыс Қазақстан медициналық колледжі;

– Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;

Орал гуманитарлық колледжі;

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультеті;

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті;

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің гуманитарлық-заңтану факультеті;

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті.

Жарыс тартысты өтіп, командалық нәтиже бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің құрама командасы I орынға ие болды.

Осы  турнирде жүлделі орынға ие болған келесі студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз:

 60 кг. салмақ бойынша:

  • I орын – Ұзақбаев Данияр (БҚИТУ педагогика факультеті);
  • II орын – Аманғалиев Айдын (Педагогикалық колледж);
  • III орын – Жангерей Орынтай (БҚИТУ);
  • III орын – Қабдулмажит Ақылбек (БҚИТУ).

66 кг. салмақ бойынша:

  • I орын – Уахит Нұрдаулет (БҚИТУ педагогика факультеті);
  • II орын – Мәдениет Нүрсейт (Педагогикалық колледж);
  • III орын – Мұратов Асылбек (М.Өтемісов атындағы БҚМУ);
  • III орын – Қашан Тұрлан (Мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі).

74 кг. салмақ бойынша:

  • I орын – Шөлеуов Ислам (БҚИТУ педагогика факультеті);
  • II орын – Зайдолла Ақылбек (Педагогикалық колледж);
  • III орын – Жардемов Нұрдаулет (БҚИТУ педагогика факультеті);
  • III орын – Наурызбаев Мирас (БҚИТУ педагогика факультеті).

82 кг. салмақ бойынша:

  • I орын – Мендешов Бекайдар (БҚИТУ педагогика факультеті);
  • II орын – Молдабаев Ерқанат (М.Өтемісов атындағы БҚМУ);
  • III орын – Елеусинов Армат (БҚИТУ);
  • III орын – Русланов Эльдар (Мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі).

90 кг. салмақ бойынша:

  • I орын – Утегенов Нұрбол («Еуразия» колледжі);
  • II орын – Орынбасар Ербол  ( БҚИТУ).
Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz