Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, ж.о.ғ.м. Ихсанова С.А. 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша БҚО ӘББ “Жоғары аграрлық-техникалық колледжі” МКҚК студенттерімен кездесіп кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесуге «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының СТ-621.2 оқу тобының оқушылары қатысты. Білім алушыларға университетімізге қатысты материалдар мен буклеттер таратылып, презентация-слайд көрсетіліп, оқу бағдарламасы, материалдық-техникалық базасы туралы толық ақпарат берілді. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық қанды жауаптар берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша барлығы 25 оқушы қамтылды, оның 25-сі мемлекеттік тілде білім алады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz