2024 жылдың 19 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім беру және менеджмент институтының 1 курстары Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында биылғы оқу жылы қабылданған студенттерге арналған «Бірінші курстар» апталығы өткізілді. 6В01401 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері эдвайзері Жанаев Рахат Аянұлы жетекшілігімен, 6В01101 Педагогика және психология білім беру бөлімінің 1 курс студенттері эдвайзері Амангелдиева Баян Нұрсұлтанқызы жетекшілігімен, 6В03201 Кітапхана ісі білім беру бөлімінің 1 курс студенттері кітапханашы Нұғыманова Айерке Айдосқызы жетекшілігімен қатысты. Мекеме қызметкерлері студенттерді кітапхана тарихымен және бай кітапхана қорымен таныстырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz