Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Жасанды интеллект технологиялары мен нейрондық желілерді білім беруде қолдану (80 сағ.)» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ашылғанын хабарлаймыз. Аталған курстың бағдарламасы Оқу-ағарту министрлігінің сараптамалық кеңесі тарапынан келісіліп (№52 хаттама, 29.11.2024 ж.), тізілімге алынғанын хабарлаймыз.
Курс бағдарламасын құрастырушылар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы мен аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Мұхтар Зинур Ғафурұлы.
Курс бағдарламасының мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын және нейрондық желілерді тиімді қолдануды үйрету арқылы олардың кәсіби деңгейін көтеру. Курс педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи технологияларды сабақ үдерісіне енгізуге және оқыту әдістерін жетілдіруге бағытталған. Оқыту форматы – күндізгі және қашықтықтан.
Университетіміздің Білім және менеджмент институты аталған курс бойынша кәсіби біліктілігін арттырамын деген педагогтерді оқуға шақырады.
Байланыс телефоны: 8-747-081-72-83
Курсты ұйымдастырушы: Бекмашева Ақтоты Нығметқызы
Мекенжайы: Н.Назарбаев, 194, 214/1- кабинет