Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен “Менің арманымдағы Қазақстан” тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды. Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған. Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады. Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі. Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін БҚИТУ электрондық поштасына жіберуіңіз сұралады: fakultetyazykov@mail.ru. Конкурс бойынша толық ақпаратты жоғары оқу орнының сайтынан қарауға болады. Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады. Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 20 қазанда сағат 15:00-де Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің акт-залында өтеді (Құрманғазы 177А). Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.