Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Ғылыми кеңесінің отырысында ҚР Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс және жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау науқаны туралы мәселе қаралды. Өз сөзінде университет ректоры Б.Т. Шакешев университет бөлімшелерінің барлық басшыларына оқу процесі кезінде университеттің барлық ғимараттары мен жатақханаларында, аудиторияларында кандидаттардың сайлаушылармен кездесулеріне рұқсат бермеуді, сайтта немесе өзге де ақпараттық алаңдарда (әлеуметтік желілердің беттерінде) кандидаттардың үгіт-насихаттық немесе өзге де ақпараттарын орналастырмауды, сондай-ақ университеттің барлық ғимараттарында жарнамалық плакаттар, стендтер, буклеттер және / немесе үгіт ақпаратының өзге де түрлерінің орналасуына жол берілмеуі қажеттігін тапсырды.