Құрметті білім алушылар!
«Dauletten» қайырымдылық қоры Білімнің жұлдызы» шәкіртақысына байқау жариялады. Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы – «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдан бері білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі. 2023 жылы 200 студентке 100 000 теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақы беру көзделуде.
Толық ақпарат ЕРЕЖЕДЕ.
Сұрақтар бойынша 8 707 765 62 65 нөміріне хабарласуға болады.