2023 жылдың сәуір айында “Шетел тілдері және аударма ісі” кафедрасында стейкхолдерлермен бірлесіп 2023-2027 оқу жылына арналған 7М01702 “Шетел тілдері: екі шетел тілі”, 6В01702 “Шетел тілі: екі шетел тілі”, 6В02301 “Аударма ісі” білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту мәселесі жөніндегі Академиялық комитеттің отырысы өткізілді. ББ талқылауына ПОҚ, студенттер, магистранттар, жалпы білім беретін мектептер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында 7М01702 “Шетел тілі: екі шетел тілі” ББ-ға “Зерттеушілерге арналған академиялық ағылшын тілі” сияқты пәнді енгізу, ғылыми жұмыстарды жазу дағдыларын, сондай-ақ әдістемелік құралдар жазу және түпнұсқа әдебиеттерді оқудың әртүрлі түрлерін аудару, қайталама ғылыми мәтін жасау дағдыларын дамыту ұсынылды. Сондай-ақ студенттер мен магистранттардың ұсынысы бойынша 6В01702 “Шетел тілі: екі шетел тілі” ББ “Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы”пәні енгізілді. Сондай-ақ, мектептер мен қоғамдық ұйымдардың директорлары қосымша құзыреттерді қалыптастыру үшін бакалавриат студенттеріне Майнор бағдарламасын енгізу туралы ұсынысты қолдады.