Құрметті студенттер, магистранттар және қызметкерлер! 2022 жылғы 26-28 қазанда Астана қаласында Нобель лауреаттарының қатысуымен Фестиваль өтеді.
Фестиваль аясында 2022 жылғы 27 қазанда Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен Қазақстан студенттерімен Нобель лауреаттарының алғашқы Таңғы ас ұйымдастырылады.
Фестиваль платформасында университеттерге арналған “University MeetUp” халықаралық онлайн желі алаңы өткізіледі.
Nobel Fest платформасында инновациялар мен технологиялар бойынша семестрлік онлайн курс 4.0 әзірленді және ол ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді. “Экспоненциалды инновация” курсының оқытушысы – Гарвард профессоры, доктор Вивек Вадхва, жоғары технологиялар саласындағы 100 жаһандық ойшылдар мен ықпалды ақыл – ой иегерінің бірі (time tech 40). Университет студенттері бұл курсты оқу семестрі ішінде онлайн форматта өтіп, Инновация, кәсіпкерлік, экономика және Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша әлемнің үздік оқу орындарында білім ала алады.
Нобель фестивалі бойынша байланыс ақпараты:
Айдана Тамшыбай, +7 702 659 8523, meetup@nobel-fest.org

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz