Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Салалық технологиялар институты
Ақпараттық хат
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Ғылыми зерттеулердегі инновациялар және білім беру практикасы: халықаралық ынтымақтастық»
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2025 жылдың 10 сәуірінде қаласында өтетін «Ғылыми зерттеулердегі инновациялар және білім беру практикасы: халықаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Орал қаласы, Қазақстан
Конференцияның мақсаты: халықаралық өзара тиімді ғылыми ынтымақтастықты дамыту; тәжірибе алмасу: жоғары білім сапасын арттыру және кәсіби дағдыларды қалыптастыру мәселелерін талқылау; ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен бірлескен жобаларды, интеллектуалдық дамудың болашағын талқылау.
Конференцияның өткізілу форматы: Онлайн/офлайн (PowerPoint форматында ауызша немесе постерлік баяндамалар).
Ғалымдар мен оқытушыларды конференцияға қатысуға шақырамыз.
Сіздердің конференцияның тақырыбы бойынша бұрын жарияланбаған ғылыми жұмыстарыңызды қуана қабылдаймыз.
Баяндамалар тезистері 2025 жылдың 9 сәуіріне дейін қабылданады.
Ғылыми мақалалар БҚИТУ Хабаршысы ғылыми еңбектер жинағына (ISBN кодымен) жариялау үшін 2025 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады.
Мақалаларды келесі электронды пошта арқылы жіберуге болады: aiioka@mail.ru .
Мақалаға қойылатын талаптар:
Мақала doc немесе docx форматында электронды түрде жүктелуі керек, мақала журналдың сайтындағы ( https://ojs.wkitu.kz/ ) функционалы арқылы жіберіледі.
Мақаланың көлемі: кемінде 7 бет (14 беттен көп емес) А4 форматында ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделуі тиіс. Шрифт: Times New Roman, кегль мөлшері 12, жоларалық интервал біржолақты, туралау — кеңістік бойымен. Абзацтық шегініс: 10 мм, жиектер: барлық жағынан 2,5 см. Беттер нөмірленбейді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Салалық технологиялар институты, Инжиринг және кәсіби сертификаттау орталығы және академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімі.
Өтетін орны:
Батыс Қазақстан Инновациялық-Технологиялық Университеті, Салалық технологиялар инстуты (ҚР, Орал қаласы, Чапаева көшесі, 69).
Байланыс ақпараты:
Айнур Ароновна Кажияхметова, тел: +7 702 766 29 92
Ляззат Нұрбулатовна Майранова, тел: +7 776 918 86 56
Электронды пошта: aiioka@mail.ru