Құрметті тауар сатушылары және жұмыс пен қызмет көрсетушілер, «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖЖКББМ (Орал қ.) ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалатын BR24992892 «Инновациялық азықтандыру хаттамаларын әзірлеу және жас малдарды өсіру технологиясын интенсификациялау негізінде сүтті малдың өнімділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістері» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін төменде көрсетілген материалдар мен жабдықтарды сатып алуға дайын екендігін хабарлаймыз.

  1. 3D сканер AICON PrimeScan – 1 дана;

Жеткізілетін материалдар мен жабдықтардың техникалық сипаттамалары келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

Жобаның мақсаты мен міндеті

Ірі қара малды жанаспай 3D-сканерлеуге және 4-бөлімде көрсетілген тізім бойынша дененің сызықтық және орамдық өлшемдерін автоматты түрде анықтауға арналған жабдықтар кешенін әзірлеу, дайындау және жеткізу талап етіледі.

Жүйе мал шаруашылығы объектісінде пайдалануға жарамды болуы тиіс. Жабдықтардың нақты компоновкасын (стационарлық пост, өтпелі дәліз немесе басқа нұсқа) жеткізуші ұсынады және тапсырыс берушімен келіседі.

Бастапқы шарттар және жеткізу шекаралары

Өлшенетін объект:

– сүт бағытындағы ірі қара мал тұқымдары (голштин, қара-ала, джерси, айршир, симменталь, швиц);

– жасы – 6 айдан 18 айға дейінгі тайыншалар мен қашарлар;

– тірі салмағы мен габариттік өлшемдерінің диапазоны – 100 кг-нан 700 кг-ға дейін.

Негізгі қағидат: мал денесінің геометриялық пішінін жанаспай алу, 3D-модель немесе кеңістіктік деректердің баламалы жиынтығын қалыптастыру.

Сканерлеу кезінде малдардың жұмыс режимі:

– мал сканерлеу кезінде қозғалмай тұруы тиіс.

Міндетті түрде анықталатын өлшемдер тізбесі

 

№

Өлшем атауы

Анықтамасы және нүктелері

Нәтиже

1

Шоқтықтың биіктігі

Еденнен шоқтықтың ең биік нүктесіне дейінгі қашықтық – АБ.

мм

2

Сегізкөздің биіктігі

Еденнен сегізкөз сүйегінің ең биік нүктесіне дейінгі қашықтық – СД.

мм

3

Тұлғаның қиғаш ұзындығы

Иық сүйегінің ең алдыңғы шығыңқы нүктесінен шонданай төмпешігінің ең артқы шығыңқы нүктесіне дейінгі қашықтық – EF.

мм

4

Тұлғаның түзу ұзындығы

Шоқтықтың ең алдыңғы нүктесінен құйрық түбіне дейінгі қашықтық.

мм

5

Жамбас-сан аймағының түзу ұзындығы

Сегізкөздің жоғарғы нүктесінен тілерсек буынының төменгі жиегіне дейінгі түзу сызық бойындағы қашықтық.

мм

6

Жауырынның артындағы кеуде ені

Жауырынның артқы бұрышына жанасатын тік жазықтықтағы ең кең жерінің өлшемі – MN.

мм

7

Кеуде тереңдігі

Шоқтықтан кеуде сүйегіне дейінгі, жауырынның артқы бұрышына жанасатын тік сызық бойындағы қашықтық – KL.

мм

8

Бел аймағындағы тұлға тереңдігі

Соңғы қабырға аймағындағы арқаның жоғарғы нүктесінен соңғы қабырға сызығы бойындағы іштің ең төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық.

мм

9

Жауырынның артындағы кеуде орамы

Жауырынның артқы бұрышына жанасатын жазықтықтағы кеуде орамы – KL.

мм

10

Мықын төмпешіктеріндегі сауыр ені

Мықын сүйектерінің сыртқы бұрыштары (маклоктар) арасындағы қашықтық – OP.

мм

11

Шонданай төмпешіктеріндегі сауыр ені

Шонданай төмпешіктерінің бүйірлік сыртқы шығыңқы нүктелері арасындағы қашықтық – RS.

мм

12

Жіліншік (алдыңғы бақай) орамы

Жоғарғы үштен бір бөлігінің төменгі шетіндегі орам өлшемі.

мм

 

Негізгі сипаттамалары:

  • Өндіруші: AICON 3D Systems
  • Моделі: PrimeScan
  • Түрі: құрылымдық жарық технологиясы бар оптикалық 3D сканер
  • Камералар: 2 × 5 Мп немесе 2 × 8 Мп (модификациясына байланысты)
  • Жарық көзі: көк LED, 100 Вт
  • Бір өлшеу уақыты: 1 секундтан бастап
  • Интерфейс: USB 3.0
  • Қуат көзі: 110–230 В, 50/60 Гц
  • Салмағы: шамамен 3,8 кг
  • Өлшеу дәлдігі: конфигурацияға байланысты бірнеше микронға дейін
  • Әртүрлі өлшемдегі бөлшектермен жұмыс істеуге арналған бірнеше өлшеу өрісі бар
  • Шартқа отыру мерзімі – шартқа қол қойғаннан кейін 25 күн;

 

Жауапты қызметкерлердің байланыс деректері:

Абуғалиев Серімбек Құрманбайұлы

Тел.: 8 701 733 14 53

e-mail: ask1959@mail.ru

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz