Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетіктерінің бірі сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың ұсыныстары мен студенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес құзыреттілік көзқарасқа негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жыл сайынғы жаңарту болып табылады
Кафедра бойынша бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша 2023-2024 оқу жылына білім беру бағдарламаларына жаңарту мен толықтыру енгізіліп, элективті пәндер каталогы жасақталды.
2023 жылдын 11-12 сәуірінде БҚИТУ Педагогика факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Психология», «Педагогика және психология» бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша 2023-2024 оқу жылына жаңарту мен толықтыруға арналған Академиялық комитеттің стейкхолдерлермен біріккен талқылау отырыстары болып өтті.
ББ талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, факультеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірге жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері қатысты: Г.М.Галиева-Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, А.З.Жаксымбетова – Тұрмыстық зорлық құрбандарының дағдарыс орталығының психологы, А.Ж..Хабиева – №46 мектеп психологы, облыстык психологтар шығармашылық тобы мүшесі, А.Б.Мұханғалиева – Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің педагог-психологы, Б.Т.Абдулова – №10 «Балапан» бөбекжайы директоры, Л.Г.Кенжегалиева – «Айяна» мектепке дейінгі білім беру ұйымы директоры, С.Ж.Сарсенбаева LogoCA-Я балаларды дамыту орталығы меңгерушісі, А.С.Қайырлиева №22 «Колобок» бөбекжайы педагог-модераторы.
Кездесулер барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту бойынша кадрлармен қамту, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен қамту, материалдық-техникалық қамту, практикалық базамен қамтуды ескере отырып өз ұсыныстарын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша және ҚР ҒЖБ министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына өзгерістер енгізу туралы “ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №21 бұйрығы негізінде 2023-2024 оқу жылының білім беру бағдарламаларына төмендегідей өзгерістер енгізілді:
- 7М01101″Педагогика және психология” білім беру бағдарламасына (2 ж) 4 кредит көлемінде КП ЖООК циклына “Кәсіби қарым-қатынас психологиясы” пәні енгізілді.
- 7М01101 “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасына (1,5 ж) “Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс әрекет тәсілдері” пәні 4 кредит көлемінде КП ЖООК цикліне енгізілді.
- 6В03101 «Психология» білім беру бағдарламасында:
жалпы 20 кредит көлемінде 4 пәннен тұратын Minor бағдарламасы енгізілген,
– 4 кредит көлемінде БП, ТК циклына “Конструктивті қарым-қатынас психологиясы” жаңа пәні енгізілді.
Пәндері алынып тасталды:
БП, ЖООК циклінен 4 кредит көлеміндегі “Педагогика”, БП, ЖООК циклінен 4 кредит көлеміндегі “Психологияны оқыту әдістемесі”, КП, ЖООК циклінен 3 кредит көлемінде “Экономикалық психология”, БП, ЖООК циклінен 5 кредит көлеміндегі “Қолданбалы психологияның теориялық мәселелері”, КП ТК циклінен 3 кредит көлеміндегі «Еңбек психологиясы», БП, ЖООК циклінен 4 кредит көлеміндегі “Адам психикасын зерттеу мәселелері”, КП, ЖООК циклінен 4 кредит көлемінде «Білім берудегі жобалау-зерттеу қызметі” пәндері алынып тасталды.
- 6B01101 – “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасында:
жалпы 20 кредит көлемінде 4 пәннен тұратын Minor бағдарламасы енгізілген,
– жаңа пәндері енгізілді
БП, ТК циклына «Білім берудегіт/қашықтықтан білім беру технологиялары» 4 кредит.
БП, ЖООК циклына «Педагогикалық мамандыққа кіріспе \ Сандық кеңістіктегі педагогтың кәсіби функциялары» 4 кредит.
БП, ТК циклына “Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет” 5 кредит.
БП, ТК циклына “Конструктивті қарым-қатынас психологиясы” 4 кредит.
БП, ТК циклына «Даму психологиясы» 5 кредит.
КП, ТК циклына “Цифрлық ғасырдың педагогикасы және дидактикасы\білім берудің педагогикалық дизайны” 5 кредит.
БП, ТК циклына «Білім берудегі жобалау-зерттеу қызметі” 5 кредит.
Пәндері алынып тасталды:
БП, ЖООК циклінен 3 кредит көлеміндегі «Жаңартылған білім берудің мазмұны мен технологиясы»
БП, ТК циклінен 5 кредит көлеміндегі «Жаңа форматтағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері»
БП, ТК циклінен 5 кредит көлеміндегі «Әлеуметтік педагогтың психологиялық-педагогикалық жұмысын ұйымдастыру»
БП, ЖООК циклінен 3 кредит көлеміндегі «Этнопедагогика»
БП, ТК циклінен 4 кредит көлеміндегі «Шетелдік психологиялық ғылымды дамыту»
БП, ТК циклінен 5 кредит көлеміндегі «Білім берудегі жаңа технологиялар»
КП, ТК циклінен 4 кредит көлеміндегі «Педагогикалық шеберлік»
КП, ТК циклінен 5 кредит көлеміндегі «Білім берудегі жобалау-зерттеу қызметі»
- 6B01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасында:
жалпы 20 кредит көлемінде 4 пәннен тұратын Minor бағдарламасы енгізілген,
– жаңа пәндері енгізілді
БП, ТК циклына «Балалық шақты цифрландыру және киберқауіпсіздік негіздері» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық дамыту әдісі» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Балабақшадағы даму орталығының дизайны» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Робототехника элементтерімен құрастыру жолдары» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Сауаттандыруға оқыту әдістемесі» 4 кредит.
БП, ТК циклына «Мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктері мен дағдыларының дамуын бақылау маниторингі» 5 кредит.
БП, ЖООК циклына «Білім берудегі IT /Педагогикалық анимация» 4 кредит.
Пәндері алынып тасталды:
- «Дефектология және логопедия негіздері»
- «Мектепке дейінгі балалар психотерапиясы»
- «Әлеуметтік педагогика»
- «Әлеуметтік психология»
- «Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту әдістемесі»