Қазан айында Педагогикалық факультетінің Тарих және ӘГП кафедрасына Германиядан оқытушы Ганс-Якоб Шмитц келді. Ганс-Якоб Шмитц гимназия мұғалімдері және мектептердегі тарих пәнінің мұғалімдерімен, сонымен қатар көптеген шет елдің ЖОО мен халықаралық жобаларда жұмыс жасай отырып, осы салада өз білімін жетілдіріп келеді.
Ганс-Якоб ШмитцФранкфурт университетінде тарих пәнінен дәріс берген. Ол көптеген елдерде атап айтар болсақ, Финляндия, Италия, Литва, Греция, Турция, Кипр, Израиль, Иран, Непал Индия, Австралия, Аргентина, Бразилия елдерінде халықаралық жобаларды зерттеуге қатысқан. Оның есімін тарихты оқытуға қатысты ғылыми, білім беру басылымдарынан көп кездестіруге болады.
21 қазан күні Педагогикалық факультетінде Ганс-Якоб Шмитц Тарих және ӘГП кафедрасының оқытушылары, студенттері және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Тарих сабағын өткізудегі жаңа әдістер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныптың өтуіне №4, 45, 38, 40 мектептерден келген Салимова К.М., Тулегенова С.Д., Киянова Н.С.Рамазанова Л.Н., Рамазанова А.К., Масалимова А.З. сынды мұғалімдер белсене қатысты. Германиядан келген оқытушы еуропа елдерінің педагог-оқытушылары тарих пәнін өткізуде қандай жаңа әдістерді қолданатынын, сонымен қатар жаңа технологияны қолдана отырып сабақты презентациямен өткізуді негізге алғандарын айтып өтті. Келіп отырған педагог-оқытушылар тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелерін талқылап, сұрақтар қойды. Сонымен қатар Ганс-Якоб Шмитц тарих мамандығының 2-3 курс студенттеріне 3 апта дәріс оқыды. Оқытушымен кездесу сәті кезекшілік бақылауда болды.


