2016 жылдың 8 қазанында «Жаңа толқын 2016» облыстық бірінші курс студенттерінің шығармашылық фестивалі өтті.

Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асуына ықпал ету, өнерпаз жастардың шыңдалу ортасын қалыптастыру, талантты жастарға арналған тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру, өнерлі жастарды бәсекеге қабілеттілікке үйрету және жоғарғы орта оқу орындарының өнерлі жастарының танылуына мүмкіндік туғызу болатын.

dsc_1276%d0%ba%d0%be

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен барлығы 40 студент қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Университетіміздің студенттері барлығы 9 номинациядан қатысып, олардың ішіндегі 8 номинациясынан жүлделі орындар алды. Фестиваль қорытындысы бойынша БҚИТУ студенттері келесі номинациялардан жеңімпаз атанды: Тілдер және менеджмент факультетінің студенттері «Режиссура – ең тартымды концерт» номинациясынан, Педагогикалық факультеттің студенттері «Ұлттық би», «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенті Горюнова Маргарита «Үздік жүргізуші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

dsc_1268%d0%ba%d0%be

Сонымен қатар «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының студенттері Исатай Гүлнұр «Эстрадалық ән» номинациясынан, Шеркешбаева Әсем «Көркем сөз»номинациясынан, «Экономика» мамандығының студенті Жанбатыров Әлихан «Ұлттық аспаптарда ойнау»номинациясынан, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті  Жалғас Рысбек «Дәстүрлі ән»  номинациясынан және Тілдер және менеджмент факультетінің студенттерінен құралған бишілер тобы «Еркін бағыттағы заманауи би» номинациясынан арнаулы дипломдармен марапатталды.

dsc_1343%d0%ba%d0%be

dsc_1316%d0%ba%d0%be

Жалпы есеппен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері 3-жүлделі орынды жеңіп алды.

dsc_1430%d0%ba%d0%be

dsc_1443%d0%ba%d0%bedsc_1439%d0%ba%d0%bedsc_1445%d0%ba%d0%be

Шараға белсене қатысқан және ұйымдастырған барлық студенттерге алғыс айтамыз! Жеңісті белестерден көріне беріңіздер!

dsc_1458%d0%ba%d0%be

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz