Республикалық бағдарламаға сәйкес көптілді білім беруді енгізу бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы ауылдық, аудандық орта білім беретін мектептердің мұғалімдерін ағылшын тілінде оқытуды 2016 жылғы 17 қазанынан екінші кезеңін бастап кетті.
Келгеннен кейін тыңдаушыларға кіріс сауалнама жүргізілу арқылы оларға біздің тарапымыздан қандай көмек керек екендігіі анықталды.
Жалпы тыңдаушылар саны: 296 адам (мұғалім), олардың ішінде Казталовка ауданынан: 44 мұғалім, Тасқала ауданынан: 5 мұғалім, Жәнібек ауданынан: 1 мұғалім, Шыңғырлау ауданынан: 7 мұғалім, Зеленов ауданынан:32 мұғалім, Бөрлі ауданынан:20 мұғалім, Теректі ауданынан: 30 мұғалім, қалғаны қалалық жалпы орта білім беретін мектептерден.
2016 жылғы 17 қазан күні тыңдаушыларға тест жүргізу арқылы олардың ағылшын тілінен деңгейлері анықталды. Тыңдаушылар 15 топқа бөлінді. Ағылшын тілінің күнделікті сабақтары түрлі техникалық жабдықтармен қамтылған, арнайы лабораторияларда өткізіледі. Оқытушылар өз сабақтарын түрлі-түрлі жаңа методтарды қолдану арқылы, қызықты да, өте жоғары деңгейде өткізуде. Тыңдаушылар дән риза.
Координатор к.ф.н., проф. Доукариева У.К.


