2021 жылдың 8 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Тарих және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында жаратылыстану ғылымдарының магистрі, жаратылыстану ғылыми-пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бегилов Талғат Заурұлының «Тәуелсіз Қазақстанның табиғат жауһарлары»  атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді. Дәріске 50-ге жуық тыңдарман қатысты.

   Дәрістің мақсаты Қазақстанның табиғат ғажайыптары аспанмен тілдескен мұзарт шыңдар, суы мөлдір тұңғиық көлдер, ұшы-қиыр жоқ дала, құмды шөлдер, ну ормандар т.б сырына үңілу. Үстірт, Бозжыра, Ақсу-Жабағылы, Сайрам-Өгем, Хан тәңірі, Шарын шатқалы, Көлсай мен Қайынды, Алтынемел, Бурабай, Баянауыл, Қарқаралы сынды көптеген Қазақстанның табиғат жауһарларын жастарға, көпшілікке таныстыру, насихаттау. Сонымен қатар жас ұрпақты осындай ғажайып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, қорғай білуге және осы жердің шын жанашыр иесі болуға тәрбиелеу.

 

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz