2021 жылдың 6 мен 9 сәуірі аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі» XXI Халықаралық ғылыми студенттер мен магистранттар ғылыми конференциясы өтті.
2021 жылы 6 және 7 сәуірде Инженерлік-технологиялық факультетінің Экология және биотехнология кафедрасында конференция жұмысы шеңберінде «Экология, биотехнология, ветеринария саласындағы зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбында 9 секцияның отырысы өткізілді. Секцияға қатысуға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, сондай-ақ ҚР мен РФ жоғары оқу орындарынан: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, П.А. Столыпин атындағы Ульянов мемлекеттік аграрлық университеті, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті, Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінен студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың 39 баяндамасы ұсынылды. Он-лайн конференция барысында жас ғалымдардың ғылыми баяндамаларында экология, биология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, ветеринарияның өзекті мәселелері қарастырылды.
Конференция соңында нәтижелер шығарылды, жеңімпаздар марапатталды, ҚР мен РФ жоғары оқу орындарының конференция қатысушыларына – магистранттарға, аспиранттарға сертификаттар, ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
