06.04.-07.04. 2021 жыл   БҚИТУ педагогикалық факультеті Тарих және құқық кафедрасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі» атты студенттер мен магистранттардың XXI халықаралық ғылыми конференциясы zoom форматында өтті. «Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихы және құқықтану мәселелері» атты №3 секция жұмысына Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор оқытушылар құрамы мен студент, магистранттар қатысты.  Конференцияға барлығы 39 баяндама ұсынылды: оның ішінде 29 баяндама қазақ тілінде, 10 баяндама орыс тілінде. Конференцияда Қазақстан тарихы мен құқықтану мәселелері бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді. Конференция соңында кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Балықова Аққайын Мұратқызы қатысушыларға алғысын білдіріп, конференция баяндамалары жинақ болып шығатындығын хабарлады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz