2021 жылдың 6 және 7 сәуір аралығында Тілдер және менеджмент факультетінің Шеттілдері және аударма ісі кафедрасында “Білім мен ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі” атты студенттер мен магистранттардың XXI халықаралық ғылыми конференциясы аясында “Шеттілін оқытудағы инновациялық технологиялар” атты 7 секциясының отырысы өткізілді.
Конференция FreeConferenceCall платформасы арқылы онлайн-режимде ұйымдастырылды. Конференция бағдарламасына түрлі тақырыптарға байланысты 32 баяндама енгізілді, оның 7 қазақ, 18 орыс, 7 ағылшын тілінде. Аталған секцияның жұмысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің, Көлік және логистика академиясының, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері мен магистранттары қатысты. Конференция барысында шет тілдерін оқытудағы заманауи технологиялар, қашықтықтан оқыту, аударманы оқытудағы инновациялық тәсілдер мәселелері сөз болды. Баяндамалардың барлығы презентацияланды. Жұмыс нәтижелері конференция материалдарының жинағы болып жарияланады.



