2016 жылдың 22 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің менеджмент және тілдер факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері танымал әртіс,дирижер және педагог,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қажымов Қырымгерей Қажымовқа құрмет көрсетілді.Талантты маэстро биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтті.
Кездесуде факультет деканы,экономика ғылымдарының кандидаты,доцент Ж.Ж.Жұмаев мерейтой иесін құттықтап сөз сөйледі.
Одан соң Қ.Қ.Қажымов факультет ұжымына алғыс білдіріп,өзінің бай әртістік қызметіндегі қызықты естеліктер мен оқиғаларын айтты.”Мәдени тынығу жұмысы” мамандығының студенттері мерейтой иесіне арнап концерт дайындады.Олармен бірге мерейтой иесінің шәкірттері де қатысты.




