2016 жылдың 24.04. және 30.04. аралығында БҚИТУ-дың Педагогикалық факультетінің шақыртуымен Австриядағы Вена университетінің балалар бөілімінің жетекшісі Доктор Мартина Фрëлихь (Martina Fröhlich) келіп, Орал қаласында болды. Бұл оның Қазақстанға екінші рет келуі. Алғаш рет де ол қаламызға 2014 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының шақыртуымен келген еді.

Педагогикалық факультетте болған уақытында Доктор Мартина Фрëлихь «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Тарих» мамандығының студенттеріне Вена университетіндегі өзі басшылық ететін балалар бөлімінің жұмысы туралы дәріс оқыды. Дәрістерінің басты тақырыптары: «Педагогикалық білім беру, дидактика», «Австриядағы білім беру жүйесі», «Австрия мен Германияда педагогикалық ойлардың қалыптасу тарихы». Доктор Фрëлихтің дәрістері өте қызу талқылана отырып сұрақ-жауап ретінде өтті.

М.Фрëлих және Н.И.Вавилова атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, э.ғ.д. И.Ф.Суханова қатысқан «Педагогика және психология» кафедрасы ұйымдастырған «Австриядағы білім беру жүйесі, ЕО, Қазақстан. Status quo: Проблемалар мен шешімдер» атты дөңгелек үстел мәжілісі өте қызық әрі мазмұнды өтті.

М.Фрëлих БҚИТУ-дың Орал қаласының әкімдігі және Қазақстан халықтарының Ассамблеясымен бірге ұйымдастырған «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

БҚИТУ мен БОКУ арасында ЕО қолдауымен ЭРАЗМУС+ кешені негізінде өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Сонымен қатар ЭРАЗМУС Киндер БОКУ – Кіші академия жобасына қатысу үшін БҚИТУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасы оқытушыларымен кері байланыс жасау туралы келісім жасалды.
Австрия жоғары орнымен келешектегі ынтымақтастығымыз жемісті болатынына сеніміміз мол.