2016 жылдың 14 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне ”Экономика және қаржы саласындағы кадрлардың біліктілігін жоғарлату” бағдарламасы бойынша доктор Йенс Рихард Линдеманн  келіп, соған орай Педагогикалық факультеттің «Қаржы» кафедрасында «Бизнес әдебі. Операциялық тәуекел» атты семинар ұйымдастырылды.

IMG_0002Ко

Доктор Йенс Рихард Линдеманн – аға сарапшы, өзінің халық шаруашылығының экономисі және бизнес-администратор білімі арқылы, сонымен қатар банктің коммерциялық қызметкері ретінде ұзақ жылдық кәсіби қызметте жүріп  халық шаруашылығы саласы, банк ісі  бойынша жан-жақты білім-білік  жинақтай алған ғалым.  Болашақ жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде ол оқу ісінің бағдарламасын даярлау және оны оқушылармен бірге әдістемелік жағынан жүзеге асыруда да тәжірибесі бар екенін таныта білді. АҚШ, Канада, Франция, Люксембург, Швейцария, Мексика, Перу, Жапония, Сингапур, Непал, Пәкістан және Колумбияда елдерінде еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған.

БҚИТУ-дің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.С.Габдуалиеваның семинарға қатысушылар алдындағы құттықтау сөзі үш тілде айтылды.

Семинар барысында жаһандық этика тұрғысындағы бизнес этикасы, халықаралық сауда барысында туындайтын әртүрлі жағдайлар және тәуекелдер, соның ішінде жемқорлық, парақорлық  халықаралық терроризм сияқты теріс құбылыстар жөніндегі мәселелер сөз болды. Соның ішінде Европа және дамушы елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес практикасы жөніндегі ақпарат ерекше қызығушылық тудырды.

IMG_0081Ко

Семинар барысында ірі компаниялардың  жұмыс практикасында бірқатар елдерде  жемқорлықпен және мафиямен қарсы келу фактілері туралы да сөз болды. Семинарда   қазақстандық коммерциялық банктер мен кәсіпорындардың практикасында  шетелдік тәжірибені қолдану туралы мәселе қызу талқыланды.

IMG11_0084Ко

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz