Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық «Жайдарман» ойындары өтті. Бүгінгі күні Жайдарман елімізде жастар арасында кең тараған қызықты ойындарының бірі. Бұл тележобада басты мақсаты қазіргі қоғамның негізгі мәселелерін әзілмен жеткізе отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

Жайдарманның негізгі тақырыбы Елорданың өмірі мен жастары. Еліміздің түкпір-түпкірінен келген ойыншылар өздерінің ең үздік әзілдерін ұсынды. Батыс Қазақстан облысы атынан Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті педагогикалық факультетінің студенттерінен құралған «Жаңа толқын» КТК командасы қатысты. Бүл додаға барлығы 300-дей ойыншымен 39 команда қатысты. Жайдарманның басты ерекшелігі қазақ тілінде өтуі. Қатысушылардың жасы 15 пен 25 аралығын қамтиды. Жарысқа қатысушы жаңа ойыншылар үшін Жайдарман өнерге басқан алғашқы қадам болды. Ерекше көзге түскен командалар: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті «Аграрка», Қазақ ұлттық өнер университеті «Шабыт», Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті «Жаңа толқын» командалары. Астана қаласы жастар саясаты басқармасы жыл сайын Жайдарман ойындарын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Ссылки на видео:

https://www.youtube.com/watch?v=3YcNSWbDPic&t=9s
https://www.youtube.com/watch?v=-fUUGestHag&t=6s

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz