Республикалық бағдарламаға сәйкес көптілді білім беруді енгізу бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің   тілдер және менеджмент факультеті,  шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы  ауылдық, аудандық орта білім беретін мектептердің мұғалімдерін ағылшын тілінде оқытуды 2017 жылдың 18 қыркүйегінен жалғасын табуда.

Бірінші күні, тыңдаушыларымызға кіріс сауалнама жүргізілу арқылы оларға біздің тарапымыздан қандай көмек керек екендігі анықталды.

Жалпы тыңдаушылар саны – 190 адам (мұғалім), олардың ішінде Теректі, Сырым, Бөрлі, Бөкейорда, Ақжайық, Шыңғырлау аудандары бар.

Қазіргі уақытта 15 топ сабақ үрдісінде,солардың ішінен 1 топ – Intermediate(10%) деңгейі бойынша, 3 топ – Pre-Intermediate (30%) деңгейі бойынша, қалған 12 топ-Elementary (60%) Жалпыеуропалық деңгейі бойышша.

Ағылшын тілінің күнделікті сабақтары түрлі техникалық жабдықтармен қамтылған, арнайы лабораториялар да өткізіледі. Оқытушылар өз сабақтарын түрлі-түрлі жаңа методтарды қолдану арқылы, қызықты да, өте жоғары деңгейде өткізуде.

Координатор:ф.ғ.к.,проф. Доукариева У.К.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz