2021 жылдың 22 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінің студенттері Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің базасында өткен «Тренды социально-экономического развития в условиях реального и виртуального мира» атты Ұлттық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

   «Есеп және аудит» мамандығының III курс студенті Чумакова Кристина «Положительные и отрицательные эффекты экономики в условиях пандемии» тақырыбындағы баяндамасымен бірінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі – есеп және қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Курманова Гульнара Кусаиновна.

   «Менеджмент» білім беру бағдарламасының I курс студенті Баймаганбетова Асылзада «Роль Суэцкого канала в мировой экономике» тақырыбындағы баяндамасымен үшінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нургалиева Элеонора Маратовна.

   «Менеджмент» білім беру бағдарламасының I курс студенті Ларин Евгений «Современное состояние сельского хозяйства в Западно-Казахстанской области» тақырыбындағы баяндамасымен «Первые шаги в науке» номинациясын жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі – экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Тимиргалиев Ильяс Наурзбаевич.

   Студенттер мен ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз және болашақта табыс тілейміз.

 

БҚИТУ ректораты

БҚИТУ жас ғалымдар кеңесі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz