2021 жылдың 22 сәуірінде Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тренды социально-экономического развития в условиях реального и виртуального мира» атты Ұлттық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияда экономиканы жаһандық цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық даму, IT және RT технологияларды дамыту, қазіргі жағдайдағы адами капиталды дамыту мәселелері мен перспективаларын зерттеу, өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимыл механизмі талқыланды. Әр қатысушы өз тақырыбы бойынша және одан әрі ғылыми ізденістердің жоспарлары туралы белгілі бір тұжырымдар жасады.
Конференция қорытындысы бойынша «Экономика және менеджмент» кафедрасының білім алушысы Баймағанбетова Асылзада 3-орынды иеленсе, Ларин Евгений «Первые шаги в науке» номинациясын ұтып алды. Барлық конференцияға қатысушылар сертификаттар мен дипломдар алды. Ғылыми мақалалар конференция қорытындысы бойынша жинақта жарияланады.