22 сәуір 2021 жылы Педагогика және психология кафедрасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-мәдени тәрбиелік мәні зор шара онлайн форматта ZOOM бағдарламасымен өткізілді. Мақсаты ұлтының асыл перзенті, ақын Жамбылдың шығармашылығының тәрбиелік мәнін студенттерге насихаттау, биік парасатты өнерпаз, халық поэзиясының атасы атанған ақынның есімін, өнегелі өмірі мен мұратқа толы мұраларын келешек ұрпаққа ұлықтау. Шара барысында «Педагогика және психология» кафедрасы меңгерушісі п.ғ.к, доцент Р.С.Кинжекова Жамбыл шығармашылығының тәрбиелік мәніне тоқталса, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.И. Мамыров «Жамбыл Жабаевтың рухани әлемі» атты баяндама жасап, екі ғасыр куәгері жыр алыбы Жамбылдың поэтикасы мен тұлғасын жан-жақты таратып айтып берді. Кафедраға қарасты «Педагогика және псиология», «Психология» мамандықтарының студенттері Жамбылдың өміріне шолу жасап, шығармаларын оқыды. Топ жетекшісі магистр, аға оқытушы В.Е.Нурмуканбетова «Жыр алыбы – Жамбыл» атты шараны қортындылады.

