2017 жылдың 26 сәуір күні инженерлік-технологиялық  факультетінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен «Біздің есімізде! Біз мақтанамыз!» атты кездесу өтті. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Утепов Исқақ Утепұлы,  Скаленко Вениамин Пантелеевич, Сафин Хамза Абдрахманович, инженерлік-технологиялық  факультетінің деканы, профессор Кадыргалиев Нурболат Мендығалиұлы, «Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры тарих ғылымдарының кандидаты Мухамбетов Мырзағали Абулхасимұлы  және оқытушылар мен студенттер қатысты. Кездесуді Кадыргалиев Нурболат Мендығалиұлы ашып сөз кезегін ардагерлерімізге берді. Соғыс ардагерлері өздерінің өмірбаяндарын, майданда қандай ерлік көрсеткендерін, жетістіктерін айттып кетті. Кездесу барысында біздің студенттеріміз осы соғысқа қатысқан өздерінің ардагерлер аталарының өмірбаяндарын баяндап, соғыстағы ерліктерін әңгімеледі. 1 курс студенті Курмашева Камила Болатовна,  2 курс студенті Наумова Дарья Вячеславовна, 1 курс студенті Косымбетова   Куралай Қайратқызы және оқытушыларымызда өз ардагер әкелерінің өмір баянндарын студенттерге, келген қонақтарға таныстырып өтті, осы тақырыпта слайд арқылы фотосуреттер, видео   көрсетткен болатын. Олар инженерлік-технологиялық факультетінің химия ғылымдарының докторы, профессоры  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық  университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Бурахта Вера Алексеевна,  ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Ерболат Опаұлы, инженерлік-технологиялық факультетінің техника және технология кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Турлыбаев Хайрат Тендибайұлы.   «Біздің есімізде! Біз мақтанамыз!»  атты кездесу студенттік жастарға  патриоттық тәрбие беріп, өз елін сүюге үлгі болады деп сенеміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz