Тілдер  және менеджмент факультетінің «Достық» студенттік клубы оқу жылы ішінде қаламыздағы әртүрлі қайырымдылық шараларында волонтерлік жұмыстар атқарды.

Оқу жылының соңында «Жақсылық жаса!» атауымен өткізілген қалалық волонтерлер сайысына тілдер және менеджмент факультетінің «Достық» студенттік клубы қатысып,  клуб төрағасы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Рахимов Қадырбек «Үздік волонтер» атағына ие болды.

Қаламыздағы қайырымдылық шараларының ұйымдастыру жұмыстарында үлкен азаматтылығын танытып жүрген студентіміз Қадырбекті құттықтай отырып, риясыз қызметі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

IMG_21662016 жылдың ақпан айының  2-ші жұлдызыңда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінде «Шет тілдер және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Доукариева Ұлдай Кабаханқызының мерей тойына байланысты ашық ғылыми кеңес өткізілді. Кеңесті тілдер және менеджмент факультетінің деканы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент  Жұмаев Ж.Ж. ашты. Кеңес отырысында филология ғылымдарының кандидаты, профессор У.К Доукариеваның өмір жолы туралы бейнефильм көрсетілді. Сонымен бірге мерейтой иесін құттықтауға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры экономика ғылымдарының докторы, профессор  Габдуалиева Р.С., Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет ректоры Сергалиев Н.Х. атынан аталған  университеттін Механика факультетінің деканы ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Шакешев Т.Ж. және мерейтой иегерінің  еңбек жолындағы әріптестері, шәкірттері келді. Кеңесте Ұлдай Кабаханқызының өмірбаяны, 20 жыл осы университет қабырғасында атқарған еңбектері туралы айтылды.

IMG_2164

IMG_2165

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz