2016 жылдың 25 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде, инженерлік-технологиялық факультетте Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастар арасында Н.Ә.Назарбаевтың мақаласының бес институттық реформаны жүзеге асырудағы рөлі мен маңызын түсіндіру және ұғындыру.

Шараны ұйымдастырушылар – инженерлік-технологиялық факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Н.М. Кадыргалиев және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.С. Сериков.  Шараға сонымен қатар, инженерлік-технологиялық факультет оқытушылары мен студенттері, жалпы білім беру пәндер және кеден ісі кафедрасы оқытушылары белсене қатысты.

DSC00462

Шараны инженерлік-технологиялық факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Н.М. Кадыргалиев ашты, ол өз сөзінде Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекетті мен қоғамды өзгертететін кешенді тарихи міндеттерді шешудің күре жолын салатын, өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мақалада қозғалған өзекті мәселелерді атап өтті.

Профессор Ж.С. Сериков шақырылған қонақтармен және дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырды.

Студенттер Инташева Альбина (ВТ-12), Утегенов Нурдаулет (ВТ-12), Умарова Альбина (ВТ-11) Елбасының бес негізгі реформасы: мемлекетті кәсібилендіру, Қазақстанның экономикалық өсуі және т.б. бойынша өз көзқарастарын білдіріп, ойларын ашық жеткізе білді.

Әсіресе, Антощенко Антонның (НД-12) елдегі ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан халықтары ассамблеясының рөлі, барлық қазақстандықтарды біріктіретін «Мәңгілік ел» ұлттық идесы туралы сөйлеген сөздері тыңдаушылардың ерекше назарын аударды. ИС-12 тобының студенті Десяцков Юрий қоғамға есеп беретін ашық мемлекетті жетілдіруге қатысты өз көзқарасын білдіріп өтті. Ол тәуелсіз сот төрелігі және Қазақстанның барлық құқық қорғау жүйесі азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғауға, заңдардың қатаң сақталуына және құқықтық тәртіптің нығаюына бағытталуы қажеттігін атап өтті.

DSC00470

Оқытушылар: заң ғылымдары магистрлері  Муканова А.М. және Сарсенова А.Ж.,  экономика магистрі Тулеугалиева Ж.К., педагогика және психология магистрі Разахова Ф.Ж. студенттер сауалдарына жауап беріп, мақаланың негізгі мазмұнын түсіндіріп, шараға белсене қатысып отырды.

Шарада айтылған ойлар, пікірталастар, сауалдар тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, назарын аударды.  Дөңгелек үстел қатысушылары Елбасы мақаласының негізгі ережелерін, бес институттық реформа мазмұнын талқылап, оларды жүзеге асыру бойынша өз ойларымен және қазіргі жағдайларда елді жаңғырту үдерісіне қазақстандық жастардың қосар үлестері туралы ойларымен бөлісті.

DSC00446

Дөңгелек үстел қатысушылары студенттер мен оқытушылар арасында Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы Президент идеяларын орындауды белсендірудің қажеттілігі туралы ортақ қорытындыға келді.  Олар әлемнің  30 ең дамыған мемлекеттері қатарына ену туралы мақалада айтылған міндет Қазақстан үшін қолжетімді екендігіне сенімділіктерін білдірді.

Дөңгелек үстел естелік суретке түсумен және қатысушылардың одан әрі бірлесіп әрекет етуге бағытталған оң ниеттерімен аяқталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz