23-сәуір күні сағат 12.00-де Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен Х жазғы Универсиада аясында садақ ату жарысының ашылу салтанаты өтті.
Бұл шараға қатысқандар: Орал қаласы әкімінің орынбасары Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Аманбаева Асия Рахимқызы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық зертхана бөлімінің орынбасары Мұхамедиева Мира Бекқазықызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Габдуалиева Раушан Смадиновна.
Спорттың бұл түрінен жарысқа түсетін командалар:
1. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ.)
2. Халықаралық ақпараттық- технологиялар университеті (Алматы қ.)
3. Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қ.)
4. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.)
5. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.)
6. Мирас университеті (Шымкент қ.)
7. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қ.)
8. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал қ.)
9. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.).













