2019 жылдың 3-желтоқсанында БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультетінің, Экология және биотехнологиясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Курмашева Гулшат Рахметоллақызы 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 4-курс студенттерімен «Салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің салауатты өмір салты туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру; дені сау болу – бұл өзіңнің, жақындарыңның, қоғам алдындағы борыш екенін түсінуді қалыптастыру.Тәрбие сағаты барысында зиянды әдеттер, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру жайында мәселелер қозғалды.

