16-17 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне арналған «Дені сау – ұрпақ, дені сау – ұлт» атты волейболдан жарыс өткен болатын.
Орал қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысқан сайыста Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің командасы барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орынға ие болды.
БҚИТУ-дың намысын қорғаған ойыншылар:
Қайсар Жоламан, Алмас Шналиев, Ақтілек Бақтығалиев, Ербол Ералыұлы, Дауренбек Өтепов, Асылбек Қарақойшы, Салтанат Өтеуова, Айжамал Нажимова, Әсемгүл Меденова.
Жаттықтырушы: Бауыржан Медресов
Жаттықтырушының көмекшісі: Саят Рысқалиев