2026 жылдың 6-қарашасында «Кітап оқитын ұлт » республикалық марафоны аясында Астана қаласында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог әрі балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Бірге оқиық!» атты әдеби акция өтті. Елордадан бастау алған тағылымды бастаманы Қазақстанның барлық өңірінің білім беру ұйымдары мен кітапханалары қолдады, Ақцияға Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының студенттері де атсалысып, “Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз” атты үндеумен әдеби шығармаларды қосылып оқыды.




