2026 жылғы 3 қарашада Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының негіздері» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Іс-шара сағат 13:20-да 308-аудиторияда 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналды. Қонақ дәрісіне БЖД-21О, БЖД-12О және БЖД-11О топтарының студенттері қатысты.
Қонақ дәріскер ретінде «Орал Зенит зауыты» АҚ Еңбекті қорғау және техникалық қадағалау бюросының бастығы Кали Алиевич Максутов шақырылды.
Қонақ дәрісі аға оқытушы Ж.А. Мурзабекованың ұйымдастыруымен білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы саласындағы практикалық білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында дәріскер өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар өндірістік қызмет барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Қонақ дәрісі студенттердің теориялық білімдерін өндірістік сала маманының практикалық тәжірибесімен ұштастыруға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.


