2026 жылғы 11 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында студент жастар мен Батыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының өкілдері арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Нұрқаянова Мөлдір Қайратқызы және Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Мұхамбетияров Рүстем Серікұлыжастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге кәмелетке толмағандар мен жастар арасында кездесетін құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері, олардың алдын алу жолдары және заң талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік түрлері туралы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты жауаптар алды. Еркін форматтағы пікір алмасу арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңды құрметтеу құндылықтарын нығайтуға бағытталған пайдалы ақпараттар берілді.

Кездесу соңында студент жастарды құқықтық тәртіпті сақтауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамдық ортада жауапкершілік танытуға шақырылды.

Іс-шара өз мақсатына жетіп, студенттердің құқықтық білімін жетілдіруге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жастар арасында кеңінен насихаттауға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz