2026 жылғы 1 қыркүйекте ИЯ-121 және ПД-121 топтарының студенттеріне биылғы жылы наурыз айында Қазақстанда өткен республикалық референдумға және жаңа Конституцияның қабылдануына арналған «Жаңа Конституция – жаңа қадам» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге республикалық референдумның тарихи маңызы, жаңа Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер мен конституциялық реформалардың басты бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мемлекет қағидаттары және қабылданған өзгерістердің Қазақстанның келешектегі қоғамдық-саяси дамуына ықпалы талқыланды.
Кураторлық сағат барысында студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды және сауалдарына жауап алды. Мазмұнды әрі тағылымды өткен іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.


