2026 жылдың 4 қыркүйекте жалпы білім беру пәндері кафедрасы ұйымдастырып, «Тіл – халықтың рухани байлығы» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылды.

Конференция модераторы – жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Курманова Ж.Б.

Конференцияда алғашқы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік нысаны» тақырыбындағы баяндамамен кафедра профессоры Шканова Б.А. сөз сөйледі.

Конференцияның мақсаты – еліміздегі барлық этнос өкілдері арасында достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайту, сондай-ақ тілдерді дамытуға ықпал ету.

Ғылыми іс-шара барысында ғылыми жетекшілері мен эдвайзерлерінің жетекшілігімен СТИ-ның 1–2 курс білім алушылары дайындаған 12 баяндама тыңдалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz