Салалық технологиялар институтының «Сәулет және құрылыс» кафедрасының 6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері өндірістік тәжірибе аясында құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты.

Тәжірибе барысында студенттер құрылыс нысанындағы қауіпсіздік ережелері, заманауи құрылыс технологиялары, құрылыс материалдарын қолдану ерекшеліктері және инженерлік жүйелердің орнатылу кезеңдері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, болашақ мамандар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құрылыс саласындағы кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Кездесу барысында сала мамандары студенттердің сұрақтарына жауап беріп, құрылыс индустриясындағы жаңа бағыттар мен еңбек нарығындағы талаптар жөнінде ақпарат берді. Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz