2026 жылғы 14 мамырда кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылындағы Ораз Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасында 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Іс-шара мектеп оқытушысы Буланаев Елен Мұхтарұлы және мектеп әкімшілігінің келісімімен ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және университетіміз туралы толық ақпарат ұсыну болды. Кездесуге 10–11 сынып оқушыларынан жалпы 19 оқушы қатысты.

Оқушыларға университетіміздің білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері, грант мүмкіндіктері және студенттік өмірі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, бейнероликтер мен презентациялар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдау бойынша пайдалы мәліметтермен танысты. Оқушылардың басым бөлігі Биология–Химия және География–Дүниежүзі тарихы бағыттарын таңдағаны анықталды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz